XXXIV Халықаралық «Витебск-2025» эстрадалық ән орындаушылары байқауында Гран-при жүлдесі қазақстандық Алмагүл Батталиеваға бұйырды, деп хабарлайды БЕЛТА.
Беларусьтегі дәстүрлі «Славян базары» эстрадалық әншілер байқауының 2025 жылғы нәтижелері жарияланды.
Биылғы байқауда Қазақстан атынан қатысқан Алмагүл Батталиева ең жоғары ұпай жинап, Гран-при иегері атанды.
Ол қазылар алқасынан 137 балл алып, финалда «Вечность» әнін тебірентерлік түрде орындады.
Айта кетейік, Алмагүл — Жетісу облыстық филармониясының әншісі. Байқау барысында ол әлемдік және ресейлік орындаушылардың вокалдық жағынан күрделі хиттерін шебер орындап, қазыларды ерекше дауысымен және сахнадағы харизмасымен баурапалды.