Прямая трансляция

Астана

Астана

29.92°C

Еліміздегі перзентханаларда ауқымды тексеріс жүргізіледі

Қазақстанда перинаталдық орталықтарда ауқымды тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды paryz.kz.

Еліміздегі перзентханаларда ауқымды тексеріс жүргізіледі
Фото: istockphoto

Денсаулық сақтау минстрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 15 тамызға дейін босандыру қызметін көрсететін барлық 69 медициналық ұйымда ауқымды тексеру жүргізіледі.

"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті инфекциялық бақылау талаптарының сақталуын бағалап, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларын күшейтуге назар аударады",- дейді министрлік мамандары. 

Бұдан бөлек, денсаулық министрі инфекция жағдайларын тергеп-тексеру тәсілдерін қайта қарауды, профилактикаға басымдық бере отырып санитариялық қағидалар мен мемлекеттік бақылаудың тексеру парақтарын жаңартуды, сондай-ақ инфекцияның әрбір жағдайының туындау себептеріне объективті баға беруді тапсырды. Негізгі мақсат - инфекциялық бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру. 

Ал өңірлік денсаулық сақтау басқармалары инфекциялық бақылау мәселелері бойынша жүйелі оқытуды ұйымдастыруы қажет. Тексеріс қорытындысы бойынша әрбір өңірде инфекциялық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған жол карталары бекітіледі.