Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Иран Израильге алғаш рет «Саджил» баллистикалық зымыранымен соққы жасады

Иран алғаш рет Израильге қарсы орташа қашықтыққа арналған «Саджил» баллистикалық зымыранын қолданды. Бұл жөнінде Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) мәлімдеп, шабуылдардың жалғасатынын ескертті, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Иран Израильге алғаш рет «Саджил» баллистикалық зымыранымен соққы жасады
Фото: www.globallookpress.com/Ian Dudley

ИРСК-нің хабарлауынша, бұл — Иранның 15 жылдан астам бұрын жасап шығарған екі сатылы қатты отынмен ұшатын зымыраны.

Бұған дейін бұл қару ұрыс жағдайында қолданылмаған. Мәлімдемеде Израильдің әуе қорғаныс жүйелері істен шыққаны және елдің әуе кеңістігі ирандық дрондар мен снарядтар үшін «ашық» екені айтылған. Израиль тарабы атылған зымырандардың кем дегенде біреуін тосып алғанын растады.

Бірақ зардаптар немесе құлаған жер туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Ирандық тарап шабуылдардың барлау орталықтары — «Моссад» пен «Аман» штаб-пәтерлеріне, сондай-ақ әуе базаларына бағытталғанын мәлімдеді. Иран әскери қолбасшылығы халыққа үндеу жасап, «қызыл дабылдар тоқтамайды» деп, Израиль тұрғындарын басып алынған аумақтардан кетуге немесе паналау кезінде мерт болу қаупі барын ескертті.

Тегеран алдағы уақытта соққыларды жалғастыратынын ашық мәлімдеді.