Прямая трансляция

Астана

Астана

32°C

Таразда екі адамның өлімінен кейін екпе салатын кабинеттер жаппай жабылып жатыр

Жамбыл облысында жоспардан тыс тексеруге ұшыраған 133 емшара кабинетінің 91-і өз еркімен жұмысын тоқтатқан, деп хабарлайды Paryz.kz.

Таразда екі адамның өлімінен кейін екпе салатын кабинеттер жаппай жабылып жатыр
Коллаж: Azattyq Ruhy

Денсаулық сақтау министрлігі осы 133 емшара кабинеті тиісті стандарттарды бұзғанын растап отыр.

«Жоспардан тыс тексерулер барысында Жамбыл облысында жұмыс істеп тұрған 133 емшара кабинетінен 91 нысан өз еркімен дәрігерге дейінгі медициналық қызметін тоқтатты. Өңірде қоғамдық мониторингтік топтар құрылды. Жоспардан тыс тексерулер барысында облыстың 133 жұмыс істеп тұрған емшара кабинетінен 91 нысан өз еркімен дәрігерге дейінгі медициналық қызметін тоқтатты, оның ішінде 33-і медициналық лицензияға дәрігерге дейінгі көмек қосымшасын тапсырды, 58-і рұқсатыц жоқ болса да медициналық қызметпен айналысқан», - деп хабарлайды ДСМ. 

Таразда екі ер адам екпеден кейін көз жұмған

Сәуір айында Тараз қаласында 29 жастағы ер адам мен 50 жастағы тағы бір ер адам жекеменшік процедура кабинеттерінде екпе алғаннан кейін шок алып, көз жұмған. Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі аймақта жаппай тексеру бастаған еді.