Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Жетісу облысының аумағында орналасқан, деп хабарлайды Paryz.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 маусым күні Астана уақытымен 08:06-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде, Жетісу облысының аумағында орналасқан, - делінген ақпаратта.
Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәліметтер түскен жоқ. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе дүмпулер туралы ресми хабарланбаған.