Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

«Адамды өлтіріп, мәйітін ауруханаға тастап кеткен»: Өскеменде жантүршігерлік жағдай болды

Өскемен қаласында ер адамға жабылып, сабап өлтіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

«Адамды өлтіріп, мәйітін ауруханаға тастап кеткен»: Өскеменде жантүршігерлік жағдай болды
Фото: polisia.kz

Белгілі болғандай, жігіттер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Сол кезде бірнешеуі бір жігітке жабыла жөнелді. Оны ұрып өлтірген соң мәйітін Абай даңғылындағы аурухана маңына тастап кеткен.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдіктілер ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.