Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Алматы маңында жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 253 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы маңында жер сілкінді
Фото: Pixabay

Жер сілкінісін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі жұма, 16 мамыр, Астана уақытымен сағат 05:12-де тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде орналасқан, – деп жазылған орталық хабарламасында.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді деп түсіндіріледі. Бұл ретте, Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, 6 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 05:12-де Шығыс Қазақстанда 1 шақырым тереңдікте магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі болды.

Оның бастауы Ақсу қаласынан (Қытай) 164 шақырым және Алматы облысындағы Кеген ауылынан 70 шақырым жерде орналасқан.