Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Доллар бағасы түсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 501,81 теңгені құрады. Осылайша 0,99 теңгеге арзандады, деп хабарлайды paryz.kz.

Доллар бағасы түсті
Фото: istockphoto.com

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 502,83 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 502,54 теңгеден, ал Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 504 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 19 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,79 теңгеге, 20 наурызда 2,16 теңгеге өскен болатын.