Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Талғар қаласының танымал әкімі қызметінен кетті

Tалғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметінен кетті, деп хабарлайды paryz.kz.

Талғар қаласының танымал әкімі қызметінен кетті
Фото: видиодан скриншот

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми парақшасында мәлім етілді. Әкім өз шешімін денсаулық жағдайымен байланыстырған.

Оның мәліметінше, соңғы уақытта емделуге және еңбек демалысына шығуға мәжбүр болған. Денсаулығы қызметтік міндеттерін толық әрі жауапкершілікпен атқаруға кедергі келтірмеуі үшін өкілеттігін тоқтатуды дұрыс деп санаған.

Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі болып 2024 жылғы желтоқсанда өткен сайлауда жеңіске жетіп, тағайындалған. Ол бұл қызметті 1 жыл 2 ай атқарды.