Полиция қызметкерлері колледждің төрт студентін бопсалау күдігімен ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Тергеу барысында күдіктілердің өз курстастарынан қорқытып ақша талап еткені анықталды.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.