Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Алматыда тау бөктеріне қар түсті

Алматыда жауған жауынның арты қарға ұласты. 

Алматыда тау бөктеріне қар түсті
Фото: Саяжай тұрғыны

Қаланың жоғарғы бөлігі мен Алматы облысы Талғар ауданының таулы аймақтарына қар түсті. Әлеуметтік желіде жауған қардың суреті тарап жатыр.

Сонымен қатар редакциямызға саяжай тұрғындарының бірі жауған қардың суреттерін жолдады.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 27-сі күнгі ауа райы болжамын жариялаған еді. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін солтүстік-батыс антициклон негізінен жауын-шашынсыз күн райын сақтап қалады.

Солтүстік облыстар суық ауа райына дайын болса, оңтүстік тұрғындарын ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін ғана күтеді.