Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің қырғыз көкпаршысына қысым жасағанын жоққа шығарды, деп хабарлайды paryz.kz.
Биыл 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде көкпардан Қырғызстан құрамасының ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Себебі, ҰҚК қызметкерлері V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатыспады, - деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан хабарламада.
ҰҚК қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көзіне сенуге шақырады.