Прямая трансляция

Астана

Астана

19.29°C

Алматыда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды

Алматыдағы Алмалы ауданында болған отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды paryz.kz. 

Алматыда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды
Фото: Baq.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға түнгі сағат үш шамасында Брусиловский көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.

«102» пультіне пәтерде пышақтасу болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы 59 жастағы ер адамға көмек көрсетуге тырысқан. Алайда алған көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудың салдарынан оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Күдікті оқиға болған жерден көп ұзамай ұсталды.

Тергеудің алдын ала мәліметінше, ол – қаза тапқан азаматтың 34 жастағы өгей ұлы. Отбасылық жанжал кезінде ол өгей әкесіне асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған.

Полиция қарастырып жатқан негізгі нұсқалардың бірі – жанжалдың күдіктінің анасына қатысты келіспеушіліктен туындауы.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайы мен қылмыстың себептерін анықтап жатыр.