Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Новости Казахстана бүгін, 18.07.2024 12:33 Обновлять, 18.07.2024 13:55

Ақтөбеде жоғалған 13 жастағы ұл төрт күннен бері табылмай жатыр

Ақтөбеде кәмелетке толмаған Жетру Кәрімді іздеу жұмыстары төртінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Ақтөбеде жоғалған 13 жастағы ұл төрт күннен бері табылмай жатыр
фото: Halyq Uni

Ведомсвто өкілдерінің мәліметінше, полицейлер, еріктілер және оқиғаға бейжай қарамайтын азаматтар жоғалған баланың жүрген жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланылды, - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары туыстары полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, орман алқаптары тексеріліп жатқанын мәлім етті.

Сонымен қатар бағдарлауды көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексеріліп жатыр. Кәмелетке толмаған Жетру Кәрімнің жоғалғаны туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды, - деді полицейлер.