Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Енді Қазақстанға рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге шектеу енгізіледі

Енді елімізге рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Енді Қазақстанға рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге шектеу енгізіледі
Фото: pixabay.com

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына рөлі оң жақта орналасқан жеңіл автокөліктерді бөлшектелген түрде кіргізуге алты айға тыйым саламын, - делінген құжатта.

Министрлік басқа мемлекеттік органдарға мынаны хабарлауы керек:

  • Мемлекеттік кірістер комитетіне осы бұйрықтың 1-тармағы заңнамасында белгіленген тәртіппен іске асыру бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен өзара іс-қимыл кезінде бақылауды қамтамасыз ету туралы;
  • Теміржол және су көлігі комитетіне және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға (келісу бойынша) Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;
  • Сауда және интеграция министрлігіне белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау қажеттігі туралы хабардар етсін.

Құжат ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.