Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Новости Казахстана бүгін, 17.07.2024 12:03 Обновлять, 18.07.2024 08:44

Алматы облысында атыс: бір адам қаза тапты

Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысының полиция бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы облысында атыс: бір адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

7 қыркүйекте Іле орталық аудандық ауруханасына қарудан алған жарақатпен төрт жергілікті тұрғын түскен. Тағы бір адам ауруханаға жетпей, жолда қаза болды.

"Бұл деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтiру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

"Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда", - деді полицейлер.