Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Елімізде шенеуніктер мен әскерилерге казиноға баруға тыйым салынуы мүмкін

Құжатта Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға, оның ішінде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемесіне барудан тартыну ұсынылған, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Елімізде шенеуніктер мен әскерилерге казиноға баруға тыйым салынуы мүмкін
Коллаж: Azattyq Ruhy

Заңға өзгерістер енгізуге арналған құжат 28 тамызға дейін талқыланады.

«Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу, оның ішінде қызметтік қажеттілікке байланысты баруды қоспағанда, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемесіне барудан тартыну ұсынылған», - делінген құжатта.

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» жарлық жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің ойын мекемелеріне баруына шектеулерді белгілеу туралы тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген.

Түзетулер мемлекеттік билік органының абыройы мен беделіне оның өкілдерінің тарапынан нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге, беделдік тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.