Прямая трансляция

Астана

Астана

28.8°C

Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Риддердегі жылу электр орталығында болған апатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды
Фото: tengrinews.kz

"Риддерде жағдай қиын. Үш қазандық жұмыс істеп тұр. Кеше жылу электр орталығындағы №6 жоғары қысымды қазандық іске қосылған болатын. 10 қараша түнгі сағат 01:00-де температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілді. Бірден жөндеу жұмыстары басталып кетті", - деді Болат Ақшолақов.

"Жаңа қазандық салу қажет пе?" деген сұраққа министр: "Әрине, иә, оны бөлек салу керек" деп жауап берді.

favicon
lamoda.kz
Перейти
Сондай-ақ, министр қазіргі уақытта станция иелеріне қатысты шаралар қолданылып жатқанын айтты.

"Апаттың себебін түсінуге және тез қалпына келтіруге уақыт қажет. Мұның бәрі жабдықтың тозғандығына байланысты. Қазір ең бастысы - судың температурасы", - деп түсіндірді Энергетика министрлігінің басшысы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер ЖЭО-да үш қазандық жұмыс істеп тұрғанын растады. Әкімдіктің мәліметінше, № 6 қазандық апатқа байланысты тоқтатылған.

Еске салайық, 5 қараша сағат 20.00-де аталған орталықтағы күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Соның салдарынан 22 мыңнан тұрғын жылусыз қалған.

От «умных ферм» до мясных кластеров: как Казахстан модернизирует агропромышленный комплекс От «умных ферм» до мясных кластеров: как Казахстан модернизирует агропромышленный комплекс Президент бастамасына жаңа серпін: жазушы мен оқырманды жақындастыратын маңызды келісім Президент бастамасына жаңа серпін: жазушы мен оқырманды жақындастыратын маңызды келісім Казахстан усиливает систему предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций Казахстан усиливает систему предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды Казахстан усиливает позиции в Азии: визит Касым-Жомарта Токаева в Китай открыл новые возможности для инвестиций и технологического партнерства Казахстан усиливает позиции в Азии: визит Касым-Жомарта Токаева в Китай открыл новые возможности для инвестиций и технологического партнерства Неліктен Қазақстан инвесторлар үшін Өзбекстан мен Орталық Азияның өзге елдеріне қарағанда тартымды? Неліктен Қазақстан инвесторлар үшін Өзбекстан мен Орталық Азияның өзге елдеріне қарағанда тартымды? Молодежная политика Казахстана: от трудового воспитания до цифровой трансформации Молодежная политика Казахстана: от трудового воспитания до цифровой трансформации Казахстан расширяет международное экономическое сотрудничество: новые инвестиционные проекты с США, Китаем, Японией и международными финансовыми институтами Казахстан расширяет международное экономическое сотрудничество: новые инвестиционные проекты с США, Китаем, Японией и международными финансовыми институтами Искусственный интеллект как новый язык молодежи: почему университеты Казахстана делают ставку на AI-проекты Искусственный интеллект как новый язык молодежи: почему университеты Казахстана делают ставку на AI-проекты