Прямая трансляция

Астана

Астана

18.52°C

ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды

Елжас Отыншиев "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қоры хабарлады, деп хабарлайды paryz.kz.

ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды
Фото: ҚТЖ

"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Елжас Мұратұлы Отыншиев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтының бакалавриаты мен магистратурасын "жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің кеңесшісі болып бастады.