Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

«Халық жауы емеспіз!»: Біртанов соттағы соңғы сөзін айтты

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішев соттағы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды  paryz.kz ақпарат агенттігі Халық Үніне сілтеме жасап.

«Халық жауы емеспіз!»: Біртанов соттағы соңғы сөзін айтты
Фото: ашық дереккөз

Елжан Біртанов соттағы сөзін ең алдымен екі жылдан бері өзіне және отбасына қолдау көрсеткен адамдарға алғыс айтудан бастады. Оның ішінде адвокаттарын ерекше атап өтті. Адвокат жұмысы дәрігердің жұмысы секілді қиын екеніне көзім жетті, деді Біртанов.

Олжас Әбішевке де оның кәсібилігі үшін алғыс айтқым келеді. Тек бұл іс барысында ғана емес… Сенің шынайы азамат екеніне және солай болып қалатыныңа күнәнданған емеспін, – деді Біртанов Олжас Әбішевке.

Елжан Біртанов қамауға алынған алғашқы күнді есіне алды.

«Қамауға алынған алғашқы күннен бастап бәзбіреулердің өзіңді бүкіл елдің алдында қаралап жатқанын көресің. Барлық еңбегің, ұмтылысың, өмірлік тәжірибеңнің күлі көкке ұшады. Денсаулық сақтау саласына берген 30 жылдық еңбегің бірден жоқ болып, сені жемқорға, халық жауына айналдырады. Бұл өте қиын болды. Қолдау көрсеткен кісілердің арқасында бәрі өтті. Қолдаулар мен тілектер күш пен сенім берді. Тек осы сотта ғана емес, бұл қолдау әрі қарай дамуға, мақсатқа жетуге күш берді. Біз келешекте денсаулық сақтау саласында ел мүддесі үшін бірге жұмыс істейтінімізге сенімдімін», – деді Біртанов.

Оның айтуынша, қамауға алынғанына тұп-тура екі жыл болған.

Біз ешқандай да жемқор емеспіз. Біз халық жауы емеспіз. Біз не істегіміз келгенін, платформа жұмысында, санавиация ұшағын пайдаланған кезде нені көздегенімізді білгендеріңізді қалаймыз. Дәлелді жеткілікті деңгейде ұсындық деп ойлаймын, – деді Біртанов.

Біртанов іс барысында мемлекеттік айыптаушылар жеткілікті дәлел ұсына алмағанын айтты.

«Құметті сот! Сот тергеуі оңай өткен жоқ. Сонда да финалға жеттік. Барлық тарап өз ойын айтуға мүмкіндік алды. Біріншіден, істегі барлық материалды қарадық. Айыптау актісін, куәгерлерді тыңдадық. Мемлекеттік айыптау мен және Әбішев жасады деген қылмыстың жасалғанын дәлелдей алмады.  Іс бойынша келтірілген құжаттар, куәгерлер сөзі, бұйрық, қызметтік жазбалар толық көлемде ақпарат берді. Оның ішінде қылмыс жоқ екенін көрсетті. Мелмекеттік айыптаушы, прокуратура қылмысты дәлелдей алмады», – деді бұрынғы денсаулық сақтау министрі.

Олжас Әбішев те соттағы соңғы сөзінде өзін ақтауды сұрады.

«Құрметті сот! Мені кінәлап отырғанына мен кінәлі емеспін. Мені ақтауды сұраймын. Мені ақтауды сұраймын, себебі халық сізден әділдік күтіп отыр», – деді Әбішев.