Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты соңғы рет құдасының жылдық асында көргенін айтты, деп жазады paryz.kz.
Оның сөзінше, олар бетпе-бет кездеспеген, алайда Бақытбек Есентаевты сырттай байқап қалған.
«Соңғы рет оны құданың асында көрдім. Бетпе-бет келмедік, сыртынан байқадым. Құдамыз бір жыл бұрын қайтқан, бір жылдық асында болды. Оны көргенде ештеңе сезбеймін. Мен жіберуді, кешіруді білемін. Қайтара алмайтын өткенді өзгертуге тырысудың қажеті жоқ», – деді Баян Мақсатқызы.
Сондай-ақ ол алғашқы бес жылда бірнеше рет ота жасатқанын айтып, сол кезеңде бұрынғы күйеуіне деген реніші мен ашуы болғанын жеткізді.
«Бастапқы бес жылда бітпейтін ота жасаттым. Жаныма қатты батты, сол кезде оған реніш пен ыза болды. Отадан оянғаннан кейін қатты ашуланатын едім. Кейін түзете берудің пайдасы жоқ екенін біліп, тоқтаттым», – деді ол.