Қостанайда оқу жылының басталуына арналған іс-шара кезінде колледждердің бірінде «Матушка Земля, святая Русь» әні орындалды. Осы сәт түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды paryz.kz.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде (КӘТК) болған. Бейнежазбада әнді қыз орындағаны көрінеді.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір білдірді. Кейбірі жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды сұраған.
«Бұл – сепаратизм, арандатушылық әрекет және қазақ жеріндегі диверсия», «Қостанайлықтар, қайдасыңдар? Бұл не? Қазақ әндері қайда?» – деп наразылығын білдірген.
Әзірге Білім басқармасы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.