Курчатов – Семей тас жолының 35-шақырымында Chevrolet Nexia мен Kia Rio көліктері бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia жүргізушісі алда келе жатқан көлікті басып озу кезінде қарсы бағыттағы жолаққа шығып, Kia Rio-мен соқтығысқан.
Полиция екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Абай облыстық ТЖД мәліметінше, қаза тапқан төрт адамның екеуі Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері болған.
Ведомство қызметтік тергеу бастағанын және марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.