Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

«Алла шипасын берсін!»: Танымал әзіл-сықақшы Мағауия Қозбағаровтың қазіргі жағдайы жұртты алаңдатты

Әзіл-сықақшы, актер Мағауия Қозбағаровтың әлеуметтік желіде тараған суреті көпшіліктің назарын аударып, жұрт оның денсаулығына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Алла шипасын берсін!»: Танымал әзіл-сықақшы Мағауия Қозбағаровтың қазіргі жағдайы жұртты алаңдатты
Коллаж: paryz.kz

Instagram желісінде әзілкеш Дархан Пірназаров актермен бірге түскен суретін жариялаған.

Кадрда Мағауия Қозбағаровтың дастархан басында отырғаны көрінеді. Жазба авторы оған: «Алла шипасын берсін, Ақ Мәкең 100 жасқа» деп тілек білдірген.

Жарияланымға пікір қалдырған желі қолданушылары өнер иесінің денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, оған жылы тілектерін жеткізген.

«Мағауия ағай ма, мәссаған, ағай ауырып қалған ба? Алла шипасын берсін, тез сауығып кетсін», – деп жазған оқырмандардың бірі.

Тағы бір желі қолданушысы: «Мағауия ағамыз ғой, халықтың қанша ризашылығын алған. Алла шипасын берсін, әумин», – деген пікір қалдырған.

Айта кетейік, жарияланған суретте Мағауия Қозбағаровтың қолына таңғыш салынғаны байқалады.

Алайда оның нақты қандай сырқатқа байланысты ем қабылдап жатқаны туралы ақпарат айтылмаған.