Алматыда әйелдің өз келіні ұрып-соққан. Бұл туралы адвокат Тлеужан Кішкенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.
Жәбірленуші әйелдің сөзінше, келіні оған бірнеше рет қол көтерген. Соңғы оқиға дәретханада болған.
«Дәретханаға кіргенімде артымнан келіп сабады. Көзім көгеріп қалды. Бұл бірінші рет емес, осыған дейін де ұрған. Бірақ осы жолы алған жарақатым қатты болды. Нақты үш рет ұрды. Балам екеуі бірігіп психологиялық қысым жасайды. Ұрған күннің ертесіне келіп арыз жаздым. Бірақ нақты шара жасалған жоқ», – деді әйел.
Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші полицияға арызданғанымен, оқиға бойынша тиісті шара қабылданбаған.
Тлеужан Кішкенбаев бұл істі соңына дейін жеткізіп, әйелге құқықтық тұрғыда қолдау көрсететінін айтты.