31 наурызда Қырымда Ресей Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы апатқа ұшырады. Борттағы барлық адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Басылымның оқиға болған жердегі дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ан-26 ұшағы жартасқа соғылған. Ан-26 әскери-көлік ұшағымен байланыс кеше Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:00 шамасында үзілді.
Ұшақ Қырым үстінен жоспар бойынша ұшып бара жатқан. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бортқа сырттан ешқандай зиян келмеген. Борттағы барлық адам қаза тапты.
"Іздеу-құтқару тобы Ан-26 ұшағының құлаған жерін тапты. Оқиға орнынан алынған мәліметтерге сәйкес, алты экипаж мүшесі мен борттағы 23 жолаушы қаза тапты", - делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.
Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау. Апат болған жерде комиссия жұмыс істеп жатыр.