Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Мир/Әлем бүгін, 10.11.2025 19:04 Обновлять, 07.12.2025 21:50

Сауд Арабиясында алғаш рет қар жауды

Әлеуметтік желілерден түсірілген кадрларда шөл жерде қар жауып, ерімей жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Сауд Арабиясында алғаш рет қар жауды
фото: видеодан скриншот

Сауд Арабиясының солтүстігіндегі шөлде бұршақ аралас қар жауды. Әлеуметтік желілерден түсірілген кадрларда шөлде жұқа қар жамылғысы пайда болған.

Мұндай ауа райы елде 2 қараша қарсаңында болған. Ұлттық метеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша, патшалықтың солтүстік бөлігіндегі осындай күн райы дүйсенбіге дейін сақталады.

Синоптиктер найзағай, нөсер және су тасқыны туралы да ескертті. Сауд Арабиясының билігі тұрғындарды қозғалыс кезінде ерекше сақ болуға шақырды.