Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Мир/Әлем бүгін, 10.11.2025 19:04 Обновлять, 18.11.2025 08:48

"Бізде тоңазытқыш жоқ": Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартты

Мұндай температураны ұстап тұра алатын тоңазытқыш шамамен 4 мың доллар тұрады...

"Бізде тоңазытқыш жоқ": Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартты
фото: ашық дереккөз

Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Республиканың Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтауға арналған тоңазытқыштардың болмауы себеп болғанын жеткізді, деп хабарлады paryz.kz.

"Бізге америкалық Pfizer вакцинасы ұсынылды. Алайда вакцинаны -70 градус температурада сақтау керек. Біз миллионнан астам дозаны тегін бергіміз келді. Вакцинациялау үшін арнайы тоңазытқыштар қажет. Бірақ бізде мұндай тоңазытқыштар жоқ", - деді министр мемлекеттік "Бірінші радиоға" берген сұхбатында.

Оның айтуынша, мұндай температураны ұстап тұра алатын тоңазытқыш шамамен 4 мың доллар тұрады. Ал бюджетте ондай қаражат жоқ.