Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Норвегияда коронавирус вакцинасын қабылдаған екі адам қайтыс болды

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оларға Pfizer мен BioN-Tech компаниялары өндірген препарат егілген.

Норвегияда коронавирус вакцинасын қабылдаған екі адам қайтыс болды
фото: ашық дереккөз

Норвегияда коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған екі адам көз жұмды. Марқұмдар - Қарттар үйінің тұрғындары, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оларға Pfizer мен BioN-Tech компаниялары өндірген препарат егілген.

Норвегияда вакцинация науқаны желтоқсанның 27-сінде басталған еді. Дәріні алдымен егде жастағы тұрғындар мен медицина қызметкерлері қабылдады.

Айта кетейік, жалпы пандемия басталғалы бұл елде 50 мыңнан астам адам індеттің құрығына ілікті. Олардың 450-ге жуығы осы кеселден көз жұмған.