Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Эстония Ресейдің екі облысындағы жерін даулай бастады

Келісімде Ресейдің Ленинград облысындағы Ивангород және Псков облысындағы Печорский ауданының бір бөлігі Эстонияға тиесілі деп көрсетілген...

Эстония Ресейдің екі облысындағы жерін даулай бастады
фото: дереккөз

Эстония Парламентінің спикері Рийгикогу Хенн Пыллуаас өзінің жаңа жылдық құттықтау сөзінде Ресейдің екі облысындағы жерге Эстонияның заңды қақы бар екенін айтқан, деп хабарлады paryz.kz, abai.kz-ке сілтеме жасап.

Riigikogu.ee сайтында жарияланған оның құттықтау сөз мәтінінде былай делінген:

"2 ақпанда біз "Тарту" бейбіт келісімінің 100 жылдығын атап өттік. Ол бойынша, Ресей Эстонияның Тәуелсіздігі мен тұтастығын мойындаған. Сол кезде Эстония мен Ресей арасындағы шекара келісіліп, бекітілген. Халықаралық құқық талаптарына сай, сол келісім қазір де өз күшінде".

Одан әрі:

"Біз сыртқы саясатта белсенді болдық. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшесі ретінде біз Беларусь халқының құқығын қолдадық. Украинаға қарсы бағытталған агрессияны тоқтатуды табандап тұрып талап еттік. Бұл мәселелерге қатысты біз өз позициямызды нақты көрсеттік. Біз НАТО одақтастарымен де, басқа да Халықаралық ұйымдармен де жақсы байланыстамыз", - депті.

Эстония Парламенті спкиерінің айтып отырған "Тарту" бейбіт келісімі 1920 жылдың 2 ақпанында Эстония мен РКФСР арасында жасалған. Ол келісімде Ресейдің Ленинград облысындағы Ивангород және Псков облысындағы Печорский ауданының бір бөлігі Эстонияға тиесілі деп көрсетілген. Бұл территориялар 1940 жылы Эстония КСРО құрамына қосылғанда, Ресейге өтіп кеткен.

Тағы оқи отырыңыз: "Федоровтың НОДы - нағыз эксремистік ұйым!": Мұхтар Тайжан билікке талап қойды

Эстония мен Ресей арасындағы территориялық талас біраз уақыттан бері жалғасып келеді. 2005 жылы екі ел шекараны шегендемек болып, келісімге қол қояды. Оны ратификациялау кезінде Эстония жоғарыдағы "Тарту" бейбіт келісімін алға тартқан. Ал Ресей одан бас тартқан. Осыдан соң, 2014 жылы тағы бір келісім жасалған. Бірақ, бұл келісімді екі елдің де Парламенттері әлі күнге ратификацияламаған.