Әзірбайжанның Баку қаласында дзюдодан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан құрамасынан бір спортшы татамиге шықты, деп хабарлайды paryz.kz.
78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Аруна Жангельдина алғашқы белдесуінде Финляндия өкілі Эмма Крапудан жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыс күнін жүлдесіз аяқтады.
Қазір ұлттық құраманың қоржынында бір медаль бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған еді.