Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Словакия президенті Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады

Словакия президенті Петер Пеллегрини әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездесіп, оны US Open турниріндегі жеңісімен жеке құттықтады, деп хабарлайды paryz.kz.

Словакия президенті Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады
Фото: әлеуметтік желіден

Кездесу Братиславадағы Президент сарайында өтті. Словакия президенті бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қазақстандық спортшының Словакиямен байланысын ерекше атап өтті.

Пеллегринидің айтуынша, Рыбакина шамамен алты жылдан бері уақытының бір бөлігін Словакияда өткізіп, сол жерде тұрады және жаттығады.

«Сіз әлемнің бірінші ракеткасы алты жылдан бері Словакияны өзінің екінші үйі деп атайтынын білдіңіз бе? Елена Рыбакина халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғағанымен, Словакия ол үшін екінші үйге айналды. Ол жылдың бір бөлігін осында өткізіп, маңызды матчтар мен турнирлерге жаттығып, дайындалады. Сондықтан біздің ел оның спорттық жолының маңызды бөлігіне айналды», – деп жазды Петер Пеллегрини.

Словакия Президенті қазақстандық теннисшіні Нью-Йоркте өткен Үлкен дулыға турниріндегі табысынан кейін Президент сарайында қабылдағанына қуанышты екенін атап өтті.

«Бүгін оны Президент сарайында қабылдап, US Open турниріндегі жетістігімен жеке құттықтау мен үшін үлкен қуаныш болды», – деп қосты ол.