Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

«Астана Арена» 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы матчын қабылдайды

Астана 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының матчын қабылдайды. УЕФА Атқару комитеті Қазақстан астанасын осы беделді футбол бәсекесін өткізу орны ретінде бекітті.

«Астана Арена» 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы матчын қабылдайды
Фото: getty images

Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Суперкубокта дәстүрлі түрде УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі. Мұндай деңгейдегі ойынды өткізу Қазақстан қабылдаған ең ірі халықаралық футбол оқиғаларының бірі болады.

«Астана Арена» матчқа дайындалады Аренада Суперкубок өткенге дейін ірі еуропалық матчтарды өткізу және УЕФА талаптарына сай болуы үшін стадионның инфрақұрылымын реконструкциялау және жаңарту жоспарлануда.

Қазақстан футбол федерациясы Астанада Суперкубокты өткізу туралы шешім спорттық инфрақұрылымды дамыту және УЕФА-мен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.