Қазақстанның әйелдер арасында жекелей сындағы үздік теннисшісі Елена Рыбакина 2026 жылғы US Open турнирінің финалына шықты.
Теннисші 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесіп, жеңіске жетті.
Ойын толық үш сетке созылып, Еленаның жеңісімен аяқталды. Спортшылар қатты жабындылы кортта 2 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді және өзіне бұйырған бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды.
Ақтық сында ол Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Айта кетері, қазақстандық теннисші US Open аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің көшін бастайды.