Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің төртінші айналымында жапониялық Наоми Осаканы (рейтингте 13-орын) 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты
Фото: ҚТФ

Ойыншылар кортта бір сағат жеті минут ойнады. Матч барысында Елена Рыбакина алты эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды.

Ал Наоми Осака екі эйс жасап, бес рет қос қателікке жол берді және матч кезінде ие болған жалғыз брейк-пойнтты пайдалана алмады.

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығу үшін қытайлық теннисші Чжэн Циньвэньмен кездеседі.

Жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы атанады.