Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды paryz.kz.

Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты
Фото: ҚТФ

Ол жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффты жеңді.

Матч 2 сағат 2 минутқа созылып, 5:7, 6:2, 6:2 есебімен аяқталды. Елена бес эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Финалда Рыбакина әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі. Жартылай финалда ол украиналық Элина Свитолинаны жеңді.