Прямая трансляция

Астана

Астана

29.22°C

Геннадий Головкин ресейлік боксшылардың Олимпиада мен Әлем чемпионатына қатысуына рұқсат берді

Ресей боксшылары енді халықаралық жарыстарға ұлттық туы мен әнұранының сүйемелдеуімен қатыса алады. Бұл туралы Ресейдің спорт министрі әрі Ресей Олимпиада комитетінің төрағасы Михаил Дегтярев мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Геннадий Головкин ресейлік боксшылардың Олимпиада мен Әлем чемпионатына қатысуына рұқсат берді
Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, мұндай шешімді World Boxing федерациясы қабылдаған.

«Ресей боксы әлемдік аренаға қайта оралып жатыр. World Boxing біздің спортшыларға барлық жас санатында халықаралық жарыстарға ұлттық ту мен әнұран аясында қатысуға рұқсат берді. Ресей бокс федерациясы WB ұйымының толыққанды мүшелігіне 2026 жылдың басында қабылданды. Қалыпты спорттық байланыстарды қалпына келтіру мәселесін біз World Boxing президенті, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинмен 2026 жылдың қаңтарында Ташкентте өткен кездесуде талқыладық. Халықаралық федерацияның бұл шешімі ерекше маңызды. Себебі дәл осы World Boxing ұйымына Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада ойындарындағы бокс турнирін өткізу құқығын берген. Ресей бокс федерациясының WB ұйымындағы толыққанды мүшелігі ресейлік былғары қолғап шеберлеріне халықаралық жарыстар күнтізбесіне, соның ішінде Олимпиада цикліне толыққанды қатысуға жол ашады. Біз ресейлік спортты әлемдік спорт қауымдастығына кезең-кезеңімен қайта интеграциялау жұмысын жалғастырып жатырмыз», – деп жазды Михаил Дегтярев өзінің Telegram-арнасында.