Астана қаласының спортшысы Қуанышұлы Нұрғиса Болгарияда өткен шахматтан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
"20-31 шілде аралығында Болгарияның София қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан 4th IBSA World Individual Chess Championship әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 8 мемлекеттен 30-ға жуық спортшы қатысып, әлемнің үздіктері өзара бақ сынады. Аталған әлем чемпионатында Астана қаласының спортшысы Қуанышұлы Нұрғиса жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды", - делінген хабарламада.