Прямая трансляция

Астана

Астана

31.26°C

Әлем кубогы: Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні басталды.

Әлем кубогы: Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты
Фото: ҰОК

Екі дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен жолықты.

Отандасымыз жекпе-жекте қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті. Ал 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының 1/8 финалында шаршы алаңға шығады.

Ол А рингіндегі алтыншы жұпта Ұлыбритания өкілі Патрис Мугалзаимен қолғап түйістіреді. Ал әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Назым Қызайбай ширек финалдық кезеңде жұдырықтасады.

А рингіндегі тоғызыншы жұпта ол польшалық Виктория Рогалинскамен кездеседі.