Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алып, табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды paryz.kz.
Еркін күрестен ұлттық құрама қоржынына үш күміс және төрт қола медаль түсті.
Атап айтқанда, 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Асыл Айтақын, 92 келідегі Азамат Дәулетбеков және 125 келідегі Едіге Қасымбек күміс жүлдегер атанды. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін), Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Шамсат Таир (79 келіге дейін) және Болат Сақаев (86 келіге дейін) қола медальға ие болды.
Грек-рим күресінен Нұрасыл Аманалы 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ Еркебұлан Ардақов (63 келіге дейін) пен Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.
Әйелдер күресінде Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша Қазақстан құрамасы Ұлан-Батырдағы рейтингтік халықаралық турнирді жалпы саны 12 медальмен аяқтап, әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар еншіледі.