Қазақстандық құрамасының үш спортшысы жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстарда жүлдегер атанды, деп хабарлайды paryz.kz.
Елизавета Матвеева Кипрдің Лимасол қаласында өткен EKO Cyprus International Athletics Meeting турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз биіктікке секіру сайысында 185 сантиметр нәтижесін көрсетіп, екінші орынға ие болды.
Ал Кристина Овчинникова Польшаның Белосток қаласында ұйымдастырылған Mityng na Rynku w Białymstoku турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазақстандық спортшы 187 сантиметр биіктікті бағындырып, қола медаль еншіледі.
Сондай-ақ Полина Иванова Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен World Athletics Challenger сериясында сырықпен секіру жарысында күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол 4,20 метр нәтижемен жарысты екінші орынмен аяқтады.