Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Елена Рыбакина мансабында екінші рет Штутгарттағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Елена Рыбакина мансабында екінші рет Штутгарттағы турнирде топ жарды
Фото: ҚТФ

Финалда әлемнің екінші ракеткасы чехиялық Каролина Муховадан басым түсті. Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұл турнирді мансабында екінші рет ұтып отыр. Бұған дейін ол 2024 жылы да жеңімпаз атанған.