Төрехан Сабырхан бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.
70 келіде сынға түскен Төрехан Сабырхан шешуші кезеңде Иордания өкілі Зейад Ишаишпен қолғап түйістірген.
"Шиеленісті өткен айқастың тағдыры шешуші раундта шешіліп, 5:0 есебімен Зейад Ишаиш жеңімпаз деп танылды", - делінген хабарламада.
Осылайша, Төрехан Сабырхан күміс медальға ие болды.