Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан 1/2 финалда жеңіліп, қола медальға ие болды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан 1/2 финалда жеңіліп, қола медальға ие болды
Фото: ҰОК

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Моңғолия өкілі Билгуунсайхан Хархуумен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Махмұд Сабырхан Азия біріншілігін қола жүлдемен аяқтады. Айта кетейік, бұған дейін Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.