Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бас бапкерліктен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасаған paryz.kz.

Бас бапкерліктен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды
Қайрат Сәтжанов. Фото: ҚБФ

"Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Қайрат Сәтжанов ҚБФ жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды. Қайрат Тұрсынханұлы жаттықтырушылар жұмысын үйлестіріп, дайындық жоспарына жұмыс істейді", - делінген хабарламада.