Халықаралық World Boxing федерациясы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ер боксшылар үшін міндетті гендерлік тестілеу талабын ресми түрде енгізді, деп хабарлайды 1bol.kz.
Ұйымның ресми мәлімдемесіне сәйкес, жаңа талап World Boxing өткізетін немесе санкциялайтын барлық жарысқа қолданылады.
"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап World Boxing жарыстарына қатысқысы келетін 18 жастан асқан барлық ер спортшы өмірінде бір рет қана өткізілетін ПЦР-тесттен (полимеразды тізбекті реакция) немесе соған теңестірілген медициналық-генетикалық тексеруден өтуге тиіс. Бұл тест спортшының туған кездегі жынысын анықтау және жарысқа қатысу құқығын растау үшін қажет", - делінген ұйым сайтында.