Чемпиондар лигасы аясындағы "Қайрат" пен "Олимпиакос" клубтары арасындағы кездесуде Темірлан Анарбеков үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды paryz.kz.
Командалар УЕФА Чемпиондар лигасының алтыншы туры аясында кездесті. "Астана Аренада" өткен кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойынның 73-минутында Анарбековтің қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы –португалиялық шабуылшы Желсон Мартинш.
Қазақстан құрамасының қақпашысы матч барысында сегіз сейв жасады.
"Оның көптеген сейві айып алаңының ішіндегі соққылардан болды, осылайша
"Олимпиакостың" ірі есеппен жеңуіне тосқауыл болды", - деп түсіндірді УЕФА техникалық сарапшылары.
Темірлан Анарбеков "Қайрат" капитаны болды. Бұл – оның Чемпиондар лигасындағы төртінші ойыны. Жалпы қазақстандық қақпашы алты гол өткізген, 26 сейв жасап, бір матчта (кипрлік "Пафос" командасымен 0:0 есебімен тең түсті) қақпаға гол кіргізбеді.