Прямой эфир
Астана
25.77°C
Алматылық "Қайрат" Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында Данияның "Копенгагеніне" 2-3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды paryz.kz.
Матч 26 қарашада Копенгагендегі "Паркен" стадионында өтті. Ойынға шотладниялық рефери Николас Уолш басқарған төрешілер төрелік етті. Даниялықтар 26-минутта Виктор Дадасонның, 59-минутта Джордан Ларссонның пенальтиден және 73-минутта Роберттің голдарының арқасында алға шықты.
Қазақстандық команда ойынның тек соңғы кезеңдерінде қақпаға доп кіргізе алды:
Дастан Сәтпаев 81-минутта, ал Олжас Байбек 90-минутта гол соқты. Бірақ бұл ойындағы есепті теңестіруге жеткіліксіз болды. Матчта екі команданың ойыншыларына да бірнеше ескерту жасалды.
Копенгаген мен Қайраттың бас бапкерлері Джейкоб Нееструп мен Рафаэль Оразбахтин шабуылды күшейту үшін бірнеше ойыншы алмастырды.
"Қайрат" барын салып ойнағанмен, даниялықтар аз ғана басымдықты сақтап, үш ұпай еншіледі.