Прямой эфир
Астана
25.77°C
Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегін Qazaqstan және Qazsport телеарналары жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы ұлттық арнаға сілтеме жасаған paryz.kz хабарлайды.
Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, 7 желтоқсанда WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады.
Қазақ жанкүйерлері жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан күні таңғы 06:00-де тамашалай алады. Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық боксшының жекпе-жегі АҚШ-тың Техас штатына қарайтын Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренада өтеді. Сондай-ақ бұл бокс кешінде кіші Ламонт Роуч пен Исаак "Питбуль" Крус арасындағы жекпе-жек өтеді.