Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Спорт бүгін, 22.11.2025 12:33 Обновлять, 23.11.2025 19:53

Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды

Италия астанасы Римде World Boxing федерациясының Конгресі өтті. Оның барысында қазақстандық бокс жұлдызы Геннадий Головкин ресми түрде ұйымның президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды
Фото: Ақорда

Геннадий Головкиннің кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Себебі GGG World Boxing басшысы қызметіне ұсынылған жалғыз кандидат болған.

Осылайша, Головкин халықаралық спорт федерациясын басқарған алғашқы қазақстандық атанды. Отандық боксшының алдында ұйымға голландиялық Борис ван дер Ворстың басшылық етті. Ол бүгін өткен Конгресс кезінде лауазымынресми түрде босатты. 

Ворст федерацияны құрылған кезінен 2023 жылдан бастап басқарды.

Головкин жиында сөз сөйлеп, төрт негізгі бағытты атап өтті:

спортшылар бәрінен маңызды; адалдық;

инновациялар;

қаржылық тұрақтылық пен даму.

Головкин World Boxing спортшылар мен олимпиядалық қоғамның сенімінен шығатын ұйым болу керектігін жеткізді.